Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы мен Павлодар облысында көлік қозғалысы шектелді

Опубликовано:

Жол
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысында көліктің барлық түрі үшін республикалық маңызы бар жол жабылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірдің төтенше жағдай департаментіне сілтеме жасап.

Алматы облысы бойынша "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ филиалы мен "Қазақавтожол" ЖШС филиалының мәліметінше, ауа райының күрт бұзылуына байланысты 4 қаңтар 10.30-дан бастап көліктің барлық түрі үшін республикалық маңызы бар "Үшарал - Достық" тас жолы жабылған.

ТЖД мәліметінше, өңірде қатты боран күтілуде. Салдарынан жолда жақсы көрінбеуі мүмкін.

Сондықтан мамандар аталмыш бағыт бойынша сапарын жоспарлаған облыс тұрғындарын ескертуге құлақ асуға, сонымен бірге 112 қызметінен келетін хабарламаларға мән беруге шақырды.

"Хабар 24"-тің хабарлауынша, бірнеше күнге созылған қатты аязға байланысты Павлодар облысында дизель отынымен жүретін көліктерге және қала сыртына шығатын автобустардың қозғалысына тыйым салынған.

Бұл транспорт түрлеріне республикалық маңызы бар жолдарға шығуға да шектеу қойылған.

Павлодар облысы ТЖД басқарма басшысы Айдын Қажыбековтың айтуынша, Павлодар облысында -35-40 градус аяз сақталып тұр. Павлодар қаласындағы температура -38 -40 градус.

Ведомство ауа райының қолайсыздығына байланысты тұрғындарға алыс жолға шықпауға кеңес береді.

Сонымен қатар басылым жеті облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын да айта кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892154-almaty-oblysynda-boranga-bajlanysty-respublikalyk-mayzy-bar-zol-zabyldy/

pixel