Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көшедегі мұқтаж жанға қол ұшын созған ақтаулық оқушы "Жыл меценаты" атанды

Опубликовано:

Сәбина
Кадр: Желіде тараған видеодан

Әрекеті талай қазақстандықтың жүрегін елжіреткен ақтаулық оқушы Сәбина Ерғалиқызы "Қызық LIVE" бағдарламасының нұсқасы бойынша "Жыл меценаты" атанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы ақпан айында желіде көшеде тұрған мұқтаж адамның қасынан бей-жай өтіп кетпей, әмиянындағы бар ақшаны санап берген кішкентай қыз баланың видеосы тараған еді.

Оқушы бұл әрекетінің арқасында қазақстандықтардың сүйіспеншілігіне бөленіп, көпшілік оған алығысын жаудырған болатын.

Кейін қыз баланың есімі Сәбина екені, Ақтауда екінші сыныпта оқитыны анықталды.

2020 жылды қортындылаған "Қызық LIVE" бағдарламасы да кішкентай Сәбинаның әркетіне сүйсініп, оны "Жыл меценаты" атағына әбден лайық деп тапқан.

Сонымен қатар оған 500 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы берілген.

Сәбина бағдарлама жүргізушілерінің "егер миллиардер болсаң не істейсін" деген сұрағына үйсіз адамдарға үй сатып алып беретінін айтқан.

Сәбинаға "Жыл меценаты" премиясын табыстау сәтін 1:12:35 минуттан бастап көре аласыз.

Айта кетейік, бұған дейін Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бір топ оқушысы анимациялық фильмдерді қазақ тіліне аудару арқылы дыбыстауды қолға алғанын жазған едік.

Қашықтықтан оқығалы бері бос уақыты көбейген оқушылардың айтуынша, ғаламторда қазақстандық көрермен үшін ана тілімізге аударуды қажет ететін материалдар көп.

"Мақсатымыз - интернет кеңістігінде ана тіліміздегі медиа өнімдерді көбейту", - дейді олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892156-reketimen-talaj-zanga-lgi-bolgan-aktaulyk-okusy-zyl-mecenaty-atandy/

pixel