Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәжікстандық әйел Жаңа жыл қарсаңында бірден бес баланы дүниеге әкелді

Опубликовано:

нәресте1
Көрнекі фото: pixabay.com

Тәжікстанның Хатлон облысының 30 жастағы тұрғыны Дилноза Мамадова Жаңа жыл қарсаңында бірден бес баланы дүниеге әкелді деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Дәрігерлердің айтуынша, дүниге келген бес сәбидің екеуі ұл, үшеуі қыз бала. Қазір олардың денсаулығы жақсы.

Сәбилердің атасы Мамад Бобоев ұлдарға Хасан мен Хусейн, ал қыздарына Фатима, Зухра және Хадиша деген есім берген. Айта кетейік, отбасының жаңа туған бес сәбиінен бөлек тағы екі баласы бар.

Хатлон облысының әкімі Курбон Хакимзода нәрестелердің ата-анасының үйіне барып, жағдайымен танысып, қаржылай көмек көрсеткен. Сонымен бірге қарамағындағыларға үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді тапсырған.

Ал әлеуметтік желі қолданушылары мемлекет көп балалы отбасына жаңа үй беруі тиіс деп есептеп, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның атына үндеу жасаған.

Ал елімізде 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған күні өмірге 363 сәби келді деп хабарлайды Қазақпарат.

Ұлттық ғылыми ана мен бала денсаулығы орталығының мәліметінше, 363 сәбидің 185-і – ұл бала болса, 177-і – қыз бала. Сәбилердің өмірге келуі бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Бұл облыста 59 сәби дүниеге келген.

Ал елордада 1 қаңтарда 32 бала дүние есігін ашқан. Олардың 16-ы қыз, 16-ы ұл бала. Өткен жылмен салыстырғанда 8 балаға көп. Жалпы Нұр-Сұлтанда орта есеппен тәулігіне 30-35 өмірге келеді екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1892164-tzikstandyk-jel-zaa-zyl-karsaynda-birden-bes-balany-dniege-keldi/

pixel