Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ескертуге қарамастан жолға шыққан екі қырғыз азаматы Павлодар облысында үсіп қала жаздады

Опубликовано:

Жүргізуші1
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар облысының полицейлері қырғыздың екі жүргізушісін құтқарды. Көрші елдің азаматтары қатты аязға қатысты ескертуге қарамастан жолға шығып кеткен деп жазады Sputnik Қазақстан.

Патрульдік полиция ротасының инспекторы Рустам Верещактың айтуынша, "Павлодар – Нұр-Сұлтан" тас жолындағы патруль кезінде олар бір жүк көлігін байқап қалған

"Көлік жүргізушісі серіктесімен бірге "Қазгидромет" орталығының ескертуіне қарамастан жолға шыққан. Біз келгенде екеуі қатты тоңып, үсіп қалу қаупі болды", – дейді ол.

Полиция қызметкерінің айтуынша, көлік жүргізушілері Ресейден Қырғызстанға бет алған. Алайда Павлодар облысындағы қатты аяздан көліктің жанармайы қатып қалған.

Полицейлер жүргізушілерді ең жақын жердегі кемпингке жеткізіп, өздері жүк көлігін жылытумен айналысқан. Кейіннен көлікті Шідерті ауылындағы жылы ғимаратқа алып келген.

"Көлік жылығаннан кейін жүргізушілер жолға шықты. Әріптесіміз Азамат Шақшабаев екеуміз олармен сағат сайын хабарласып тұрдық", – дейді Рустам Верещак.

Өз кезегінде қырғыз азаматы Ақтілек Арзыбеков полицейлерге алғысын айтқан. Ер адам жүкті уақытында жеткізу керек болғаннан кейін жолға шыққанын атап өткен.  

Еске сала кетейік, бұған дейін ТЖД мамандары бірнеше күнге созылған қатты аязға байланысты Павлодар облысында дизель отынымен жүретін көліктерге және қала сыртына шығатын автобустардың қозғалысына тыйым салған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892168-eskertuge-karamastan-zolga-sykkan-eki-kyrgyz-azamaty-pavlodar-oblysynda-sip-kala-zazdady/

pixel