Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семей коронавирус бойынша "сары" аймаққа өтті

Опубликовано:

Коронавирус
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Шығыс Қазақстан облысындағы Семей қаласы коронавирус жұқтырғандардың санының артуына байланысты COVID-19-дың "сары" аймағына енді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің Instagram-дағы ресми аккаунты хабарлады.

Семей әкімшілігі қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты тұрғындарға мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде қалалық санитарлық-эпидемиолониялық бақылау басқармасы соңғы аптадағы 100 мың адамға шаққандағы тұрғындардың дерт жұқтыру көрсеткішін және инфекцияның репродуктивтілігінің жиынтық көрсеткішін ескергендігі сөз етіледі.

Осы көрсеткіштерді негізге ала отырып, Семей COVID-19 дертінің таралуы тұрғысынан "сары" аймаққа 2021 жылдың 4 қаңтарынан бастап енгізілді.

Осыған байланысты әкімдік азаматтардан барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрауда: маска тағу, жеке гигиена, әлеуметтік арақашықтық.

Сонымен қатар, қала тұрғындарынан адамдар көп жиналатын орындарға аса қажеттілік туындамаған жағдайда бармауға кеңес берілуде.

Еске салсақ, бұған дейін Жапония үкіметі Токио мен оның маңындағы бірнеше префектурада төтенше жағдай енгізуге әзірленіп жатқанын жазған едік. Бұған аймақтағы эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы себеп болған.

Одан бөлек, Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомстоваралық комиссия COVID-19-бен оның белгілері бар пневмониямен ауырып жатқандарға қатысты соңғы мәліметтерді жария еткенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892194-semej-koronavirus-bojynsa-sary-ajmakka-tti/

pixel