Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Борис Джонсон Англияда үшінші ұлттық карантинді енгізді

Опубликовано:

Борис Джонсон
Фото: Xinhua / Global Look Press

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон өзінің халыққа жолдауында коронавирустың кең таралуына байланысты Англияда үшінші ұлттық локдаунның енгізілгенін жариялады.

Жаңа карантинді енгізуге науқастар санының рекордтық көрсеткіші (тәулігіне 50 мыңнан астам адам) және елде анықталған COVID-19-дың жаңа штамы себеп болғаны хабарланды.

Премьер-министр өз жолдауында локдаун ақпан айының ортасына дейін жалғасатынын атап өтті. Карантиннің аяқталуы туралы шешім елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты қабылданатын болады деп жазады CNN.

Жолдауда коронавирустың таралуына қарсы іс-шаралар назарға ұсынылды: англияның барлық мектептері мен колледждері "қашықтықтан оқытуға" көшеді; дәрігерлердің, әлеуметтік қызметкерлердің, өрт сөндірушілердің, полиция қызметкерлерінің және өзге де "негізгі" мамандық иелерінің балаларына мектепке баруға рұқсат етіледі; азаматтарға өз үйлерінен аса қажеттілік туындамаған жағдайда шығуға тыйым салынады.

Дәрігерге немесе дүкенге баруға рұқсат етіледі; кафелер, пабтар мен мейрамханалар тағамдарын клиентке жеткізу арқылы немесе клиенттерге өзімен алып кетуге мүмкіндік беру арқылы жұмыс істей алады, алкогольді сатуға тыйым салынады; азық-түлікке қатыссыз өнімдерді сататын дүкендер, шаштараздар мен сұлулық салондары уақытша жабылады;

Сонымен бірге, футболдан Англия чемпионаты тоқтатылмайтыны, чемпионат жалғасын табатыны алға тартылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1892220-boris-dzonson-angliada-sinsi-lttyk-karantindi-engizdi/

pixel