Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркия ғалымдары коронавирусты он секундта анықтайтын құрылғы ойлап тапты

Опубликовано:

Құрылғы
Фото: bilkent.edu.tr

Түркиялық ғалымдар коронавирус инфекциясы бар-жоғын он секундта анықтайтын құрылғы ойлап тапты деп жазады РИА Новости.

Түрік ғалымдарының жаңалығы Bilkent Universitesi сайтында жарияланған.

Diagnovir құрылғысының принципі үлгіні көбейтуге емес, оптикалық қасиеттерге негізделген. Тестілеу үшін ауыз қуысының шырышты қабатынан сынама қолданылады. Содан кейін оны арнайы ерітіндімен араластырып, құрылғыға салады.

Клиникалық кезеңге дейінгі зерттеу кезінде құрылғы коронавирусты анықтауда 99 пайыз тиімділік көрсеткен.

Айта кетсек, бұған дейін кореялық ғалымдар COVID-19 диагнозын 20 минут ішінде дәл анықтай алатын ПТР тестілеу технологиясын жасаған болатын.

Еске сала кетсек, Жапония үкіметі Токио мен оның маңындағы бірнеше префектурада төтенше жағдай енгізетінін жазған едік.

"Токио мен тағы 3 префектурадағы барлар мен мейрамханалардың жұмыс уақытын кешкі сағат 8-ге дейін қысқарту керек. Аймақта төтенше жағдай режимін енгізген жөн. Мәселен бұл өңірлерде қауіпті инфекция жұқтырғандардың қатары желтоқсанда азайған емес", - дейді Жапония премьер-министрі Ёсихидэ Суга.

Одан бөлек, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон өзінің халыққа жолдауында коронавирустың кең таралуына байланысты Англияда үшінші ұлттық локдаунның енгізілгенін жариялады.

Жаңа карантинді енгізуге науқастар санының рекордтық көрсеткіші (тәулігіне 50 мыңнан астам адам) және елде анықталған COVID-19-дың жаңа штамы себеп болғаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892245-trkia-galymdary-koronavirusty-on-sekundta-anyktajtyn-krylgy-ojlap-tapty/

pixel