Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда 37 жастағы әйел өз күйеуін пышақтап өлтірді

Опубликовано:

Пышақ
Көрнекі фото: piqsels.com

Орал тұрғыны азаматтық некедегі күйеуін пышақтап өлтірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Жаңа жыл мерекесі қарсаңында 28 желтоқсан күні түнгі сағат екілер шамасында Орал қаласының Кердері көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 37 жастағы әйел өзінің азаматтық некедегі жұбайымен жанжалдасып қалған. Жанжал барысында әйел ер адамның кеудесіне пышақ жарақатын салған.

Зардап шегуші ауыр жарақат салдарынан жедел жәрдем келгенге дейін тіл тартпастан кетіпті. Ал күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталуда.

"Аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлімі "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деді облыстың полиция департаменті.

Еске салсақ, бұған дейін Жаркент қаласында 39 жастағы ер адамды өлтірді деген күдікпен екі адам ұсталғанын жазған болатынбыз.

Одан бөлек, елордада бірнеше адам төбелесіп, салдарынан екі ер адам қайтыс болғанын жазған едік. Тағы біреуі оқ жарақатын алған. Марқұмдардың жеке басы анықталды. Олар 39 және 44 жастағы Қызылорда облысының тумалары болып шықты.

Полицияның анықтауынша, төбелеске қарыз міндеттемелері бойынша туындаған жанжал себеп болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1892275-oralda-37-zastagy-jel-z-kjeuin-pysaktap-ltirdi/

pixel