Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сауд Арабиясы үш жылға созылған кикілжіңнен кейін Катармен шекарасын ашты

Опубликовано:

Сауд Арабиясының астанасы
Фото: РИА Новости / Александр Юрьев

Сауд Арабиясы Катармен 3,5 жыл жабық болған шекараны ашуға шешім қабылдады деп хабарлады Кувейт сыртқы істер министрі Ахмед Нассер ас-Сабах.

РИА Новости ақпарынша, 2017 жылы басталған Катар мен оның аймақтағы көршілері арасындағы кикілжіңде Кувейт татуластырушы ел болған.

"Кувейт әмірі мен Катар әмірі, сондай-ақ Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы арасындағы телефон арқылы сөйлесуден кейін дүйсенбі күні кештен бастап Катар мен Сауд Арабиясы арасында әуе, құрлық және теңіз шекараларын ашу туралы келісімге қол жеткізілді", - дейді ас-Сабах Кувейт ұлттық арнасынан жасаған үндеуінде.

Еске салайық, 2017 жылдың жазында Сауд Арабиясы, БАӘ, Бахрейн мен Мысыр Доханы терроризмді қолдады және олардың ішкі істеріне араласты деп айыптап, Катармен дипломатиялық қатынастарды үзген болатын. Олар мемлекетпен экономикалық ынтымақтастықты тоқтатып, көлік блокадасын енгізген еді.

Кикілжің 2019 жылы Катар мен Сауд Арабиясы арасындағы келіссөздер аясында аяқталады деп күтілген болатын. Бірақ Катар әмірі Тамим бен Хамад Әл Тани Эр-Риядта өткен кездесуге бармады. Өз орнына ол сол кездегі елдің премьер-министр шейх Абдалла бен Насер бен Халифа Әл Таниді жіберді. Нәтижесінде келіссөздер сәтсіз аяқталды.

Ал өткен жылдың желтоқсан айының басында Кувейттің Сыртқы істер министрі Ахмед Насыр ас-Сабах Катар мен Парсы шығанағындағы араб елдері жанжалды шешу үшін нәтижелі келіссөздер жүргізіп жатқанын айтқан еді.

Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі Файсал бен Фархан Әл Сауд та келіссөздер жүргізуде "айтарлықтай алға жылжу" барын айтқан болатын. Катар СІМ басшысы Мұхаммед бен Абдеррахман әл Тани де кикілжіңді шешуде ілгерілеушіліктің бар екенін мойындаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1892339-saud-arabiasy-s-zylga-sozylgan-kikilzinen-kejin-katarmen-sekarasyn-asty/

pixel