RU

Бар малын сатқан: БҚО-да екі жылға сотталған азамат мемлекетке 16 млн теңге берді

Теңге
Көрнекі фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысында браконьерлік жасағаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылған шаруа қожалығының иесі мерзімінен бұрын шартты түрде босап шығу үшін мемлекет пайдасына 16 миллион теңге өтемақы төледі. Бұл шамамен 38 мың доллар болады деп жазды Sputnik Қазақстан.

Мемлекетке келтірілген шығынды өтеп беру үшін ер адам қорасындағы бар малын – сиыры мен жылқысын сатқан.

Заңсыз аңшылық қаржылық жағдайын қиындатып жібергенін өзі де мойындап отыр, ол енді заңға қайшы әрекет етпеуге уәде берді.   

"Браконьерлікпен айналысқаны үшін екі жылға екі жылға бас бостандығынан шектелген азамат 16 миллион теңге көлеміндегі шығынды ерікті түрде өтеп беруге келісті.

Жазасын өтеу кезінде ешқандай теріс әрекет жасамағанын, шығынды толық өтегенін есепке ала отырып, сот оны мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішін қанағаттандырды. Қаулы заңды күшіне енді", - деді Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы Азамат Ізтілеуов.  

Ал ҚАЖД пробация қызметіндегілер нақты мерзімге сотталмаған азаматтың ірі көлемдегі шығынды өтеуі бірінші рет тіркелгенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892382-bar-malyn-satkan-bko-da-eki-zylga-sottalgan-azamat-memleketke-16-mln-tege-berdi/