Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО полицейлері бір ауыл дүкенінен 120 литрден астам алкоголь тәркіледі

Опубликовано:

ішімдік
Көрнекі фото: moopalo.com

СҚО-да тәртіп сақшылары бір жылдың ішінде бір тоннадан астам заңсыз алкоголь өнімдерін тәркіледі деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция Мамлют ауданына қарасты ауылдардың біріндегі дүкеннен 120 литрден астам алкоголь тәркілеген. Дүкенде спирттік ішімдікті сатуға лицензия болмаған, алайда, арақ сатылып келген екен.

Сауда нүктесінің иесіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463-бабы (Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру) бойынша материал жиналған.

Дәл осы бап бойынша үйінде ішімдік саудалаған 59 жастағы ауыл тұрғыны жауапқа тартылып, сатуға дайындап қойған арағы тәркіленген.

"Алкогольдік өнімді сатумен байланысты құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша рейдтер жаңажылдық мереке күндері күшейтілді", – деді Мамлют ауданы ПБ бастығы Серік Әлжанов.

Спирттік өңімдерді тиісті рұқсат құжатынсыз сатуға заңмен тыйым салынған. Сондай-ақ, алкогольді 21 жасқа толмаған тұлғаларға сатуға болмайды. Құрамында спирті бар өнімді кешкі сағат 21.00-ден келесі күннің сағат 12.00-іне дейін сатуға тыйым салынған.

Лицензиясы жоқ алкоголь денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін, мұны естен шығармаған жөн.

Тәртіп сақшылары заңсыз саудагерлердің қызметін пайдаланбауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892390-sko-da-policejler-bir-auyl-dkeninen-120-litrden-astam-alkogol-trkiledi/

pixel