RU

"Қонақта болған": ШҚО-да полицейлер екі апта бұрын жоғалған әйелді тапты

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері екі апта бұрын жоғалып кеткен әйелді тапты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 қаңтарда Риддер қалалық полиция бөліміне хабарласқан тұрғын желтоқсан айының ортасында үйден шыққан 36 жастағы қызының сол күйі хабар-ошарсыз кеткенін айтқан.

Бірден іздеу жұмыстарына көшкен тәртіп сақшылары жоғалған әйел баруы мүмкін жерлердің барлығын тексеріп, оның туыстарынан және таныстарынан сұрастырады.

«Іздестіру шараларының нәтижесінде Риддер қалалық полиция бөлімінің полицейлері әйелді тапты. Ол танысының үйінде қонақта болған екен. Қазір оның үйден не себепті кетіп қалғаны анықталуда», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892394-konakta-bolgan-sko-da-policejler-eki-apta-bryn-zogalgan-jeldi-tapty/