Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда бес баладан кейінгі егіз ұлдарын перзентханадан әндетіп шығарып алған әке желіде хит болды (видео)

Опубликовано:

Көп балалы отбасы
Фото: instagram.com/zhanuya_official

Ақтаулық тұрғын Дүйсен Әлібек жұбайы мен егіз ұлдарын перзентханадан ерекше шығарып алды. Көпбалалы әкенің бес баласымен қосылып ән айтып, би билегені түсірілген видео желіде тарап кетті.

"Жүрегім менің – молодой, әйелім менің – золотой, балаларым бар – дорогой" деп әндеткен әкенің қуанышына ортақтасып, тілек білдіріп жатқандар көп.

Желіде хит болған әке KAZ.NUR.KZ-ке қуанышымен бөлісті.

"Келіншегімнің жүктілік кезеңі жеңіл болған жоқ. Перзентханадан шыққанда оны қуантқым келді. Жұмақтың есігін ашып беретін үш қызымды тәрбиелеп отырған жұбайым. Шүкір, ұрпағымды жалғайтын төрт ұлым бар. Әлеуметтік желіге де видеоны әдейі жүктедім. Қазір көпбалалы отбасыларды мұқтаж, үйсіз-күйсіз етіп қана көрсетеді. Көңілді көпбалалы отбасын қазақ еліне көрсеткім келді. Әр баланың өз несібесі бар. Ер адам еңбектенсе, отбасын асырай алады", – дейді көпбалалы әке Дүйсен Әлібек.

Көп балалы отбасы
Фото: instagram.com/zhanuya_official

37 жастағы Дүйсен Әлібек отбасымен белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың көңілді тапқырлар алаңында өнер көрсетеді.

Қазір жеке кәсіппен айналысып жүрген отағасының өзі үш ағайынды. Келіншегі пилатестен жаттықтырушы болып жұмыс істейді.

"Жұбайымның есімі – Жаннат Нарынова. Біз бір мектепте оқыдық. Оқу бітірген соң шаңырақ көтердік. Отасқанымызға 14 жыл. Үлкенім – қыз бала. Одан кейін жұбайым егіз бір ұл, бір қыз сыйлады. Олардың артынан ерген ұлым мен қызым бар. Отбасымыз тағы да шекесі торсықтай егіз ұлдармен толықты. Негізі келіншегім 29 қараша күні босанды. 6 желтоқсан күні шығарып алдым. Видеоны қазақтың ырымымен 40 күннен кейін ғана салып тұрмыз", – дейді көпбалалы әке.

Бақытты жанұя жаңа туған егіз ұлдардың есімін Жанарыс, Бейбарыс деп қойған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892425-aktauda-bes-baladan-kejingi-egiz-ldaryn-perzenthanadan-ndetip-sygaryp-algan-ke-zelide-hit-boldy-video/

pixel