RU

"Үйде, егіс алқабында зорлаған": Алматылық жанұя жас қызды 6 жыл құлдықта ұстаған

зорлық
Көрнекі фото: spoilers.gr

"НеМолчи.kz" қоғамдық қорының басшысы Дина Смаилова Алматы облысы Өтеген батыр ауылындағы жанұя өзбекстандық жасөспірімді алты жыл бойы құлдықта ұстағанын мәлімдеді.

Дина Таңсәрінің айтуынша, қыз құлдыққа 12 жасында түсіп, тек 18 жасында босап шыққан. Анасы оны әжесімен бірге Ташкенттен Алматыға алып келгенде қыз 11 жаста болған. Жұмыс іздеп келген келіншек ақырында өз қызы мен анасын көшеге қуып жіберіп, жоғалып кеткен.

"Оларды бастапқыда анасының құрбысы қоластына алған. Кейіннен А есімді азамат жолығып, майда тауарлар, шұлық пен сүлгі сатумен айналысуды ұсынған. Екеуі бұл іске амалсыздан келіседі. Себебі, әжесінің құжаты болмаған, ал қызда тек туу туралы куәлік бар. Олар бастапқыда бір ай пәтер жалдап тұрады. Кейіннен А оларды ата-анасының үйін апарып, жұмысты жалғастырады. Бойжеткеннің айтуынша, А есімді азаматтың ата-анасы бірінші күннен-ақ үй жинауды тапсырған. Осылайша, олар күнделікті үй жинап, кір жуып, тамақ пісіріп, тордағы алабай тұқымды 15 итті тамақтандырған",- деді Смаилова.

12 жасқа толғанда жасөспірімді 24 жастағы үй иесі зорлаған.

Ол кішкентай бала еді, кеудесі де қалыптасып үлгермеген, етеккірі де келмеген. Соған қарамастан, ол қызды күнде зорлап жүрген. Арасында үйде, ал арасында егіс алқабына алып кеткен. Қыз жігіттің анасына айтқанымен, түк өзгере қоймапты. Күндердің күні бұл жайлы қыздың әжесі біліп қойып, жанжал шығарады. Сонда А есімді азаматтың әкесі іске араласып, ешкімге тіс жармауды бұйырады. Ол полиция білсе, шетелде заңсыз жүргені үшін өздерін соттайтынын айтып қорқытады",- дейді құқыққорғаушы.

Қатты қорыққан әрі құқықтық сауаты жоқ әжей үндемеуге келісім береді. Ал бір жылдан кейін қыз екіқабат болады. А есімді азаматтың ата-анасы немересінің жүкті екенін білмес үшін әжейді үйінен қуып жібереді.

"Бұл уақыт аралығында оның денсаулығын ешкім қарамаған, ол мектепке бармаған. Барлығына үйдегі ұлы үшін секс-құл мен тегін қызметшіні ұстау ыңғайлы болған",- дейді Дина Таңсәрі.

Жасөспірім алғаш рет 14 жасында босанған. Ешқандай есепте тұрмаған, анализ тапсырмаған, үйде қамауда отырған.

"Ауруханада ол қыз босанады. Дәрігерлер жатырды алып тастауы мүмкін еді, ғажайыптың күшімен құтқарып қалды. Қылмысты жасырып, бұл жағдайды балалар ауруханасына жеткізбеген кімдер? Қандай адамдар? Өзбекстаннан анасы келіп, өз қызын қорлаған азаматты қорғапты.

Осылайша, ол өз қылмысын жасырғысы келген екен. Олар полицияға қыздың Өзбекстанда белгісіз азаматпен қатынасқа түсіп, жүкті болғанын айтады. Ал қыз анасының сөзін растауға мәжбүр болады. Осылайша, қыздың ісі мұрағатқа кетеді. Ал жаңа туған сәби дәрігерлердің қарауынсыз, екпесіз, құжатсыз қалады. Бұл сұрақ, әрине, аурухана қызметкерлері мен педофилдің ата-анасына қойылу керек",- дейді құқыққорғаушы.

Бала туған соң жасөспірімді ана мен бала үйіне алып кетеді. Күйзеліске түскен бойжеткен онда ешкіммен сөйлеспепті. Ал екі аптадан кейін А есімді азаматтың анасы келіп, қызды үйіне қайта алып кетеді.

Жәбірленуші 16 жасында екінші баланы дүниеге әкеледі. Онда полицияға қыз белгсіз азаматпен өзі қатынасқа түскені айтылады.

"Олар қызға қамқор екенін, бірақ ол қыдырып, әркімнен бір бала туатынын жеткізген. Бұл жолы да ол ешқандай есепте тұрмаған, дүниеге ұл әкелген. Бала туғаннан бастап ауырып, үш айдан кейін қайтыс болады. Оны бейресми түрде көміп тастайды", -дейді "НеМолчи.kz" басшысы.

Қазіргі уақытта А есімді азамат тұтқындалды, ал жанұясының мүшелері әлі де бостандықта. Смаилованың сөзінше, қызы мен анасының өміріне әлі де қауіп төніп тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892482-jde-egis-alkabynda-zorlagan-almatylyk-zana-zas-kyzdy-6-zyl-kldykta-stagan/