Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда "Ql-Trade Kazakhstan" салымшыларын полицияға жүгінуге шақырады

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматы қаласының полиция департаменті "Ql-Trade Kazakhstan" ЖШС салымшыларын полицияға келуге шақырады деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның жазуынша, қазіргі таңда Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы "Ql-Trade Kazahstan" ЖШС басшылығы жасаған ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

"2020 жылдың 14 желтоқсанында Медеу аудандық Полиция басқармасына қаржы пирамидасын құру және басқару туралы ұжымдық өтінішпен аталған ЖШС-нің 99 салымшысы жүгінді. Қазіргі уақытта алаяқтық құрбандарының саны айтарлықтай артты, эпизодтар елдің басқа қалаларында да анықталды.

Күдікті азамат халықаралық іздеуде. Аталған ЖШС салымшылары болып табылатын азаматтарды Алматы қаласы Масанчи көшесі 55 мекенжайына келуге немесе 254-43-80, 254-49-82, +7-777-250-68-37, +7-707-555-50-87 немесе 102 телефондары арқылы хабарласуға шақырамыз", – дейді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда "B2B Jewelry" қаржы пирамидасына ақша салған 10 мыңнан аса адам сан соғып қалғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Сонымен қатар тараздық тұрғын мессенджер арқылы қазақстандықтардың 4,5 млн теңгесін иемденіп алған деген күдікке ілінді. Жамбыл облысының полиция департаментіне Тараз, Алматы, Қарағанды және Нұр-Сұлтан қалаларының 17 тұрғыны жүгінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892495-almatyda-ql-trade-kazakhstan-salymsylaryn-policiaga-zginuge-sakyrady/

pixel