Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұз қатқан құбырларды жаңа әдіспен еріткендер экологтар назарына ілінді

Опубликовано:

Су құбырларындағы мұзды еріту әрекеті
Видеодан кадр: instagram.com/kris_p_talgar

Алматы облысында мұз қатқан су құбырларын ерітпек болғандардың видеосы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің назарына ілікті. Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Самал Ибраева Facebook парақшасында ролик авторының арызы бойынша фактіні тексеруге дайын екендерін айтты.

"Талғар ауданында жылу құбырларын еріту үшін автокөлік дөңгелектерін жағу фактісі бойынша ресми тексеру жүргізіледі", - делінген Экология министрлігі өкілінің хабарламасында.

Ол әлеуметтік желілерде жергілікті тұрғындардың ашуын келтірген видео пайда болғаннан кейін, "Талғар су" коммуналдық кәсіпорнының қызметкерлері оқиға орнына барғанын атап өтті.

Өрт сөндіріліп, оның салдары жойылған.

"Алматы облысы бойынша экология департаменті ресми тексеру жүргізіп, оның нәтижелері бойынша тиісті шараларды қабылдауға ниетті екендігі туралы хабарлаймыз. Бұл видео авторы департаментке өтініш жазғаннан кейін мүмкін болады", - дейді Самал Ибраева.

Тексерістен кейін экологтар қосымша ақпарат беруге дайын.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар.

Естеріңізге сала кетсек, Павлодар облысында тас жолда тұтас бір отбасы бұзылған машинада үсіп қала жаздаған болатын. Оларды патрульдік полиция қызметкерлері келіп құтқарып алған.

Айта кетсек, еліміздің Ішкі істер министрлігі қатты аязға байланысты тұрғындарға үндеу жасаған еді. Қаңтардың алғашқы күндерінде республика аумағында қатты суық, сондай-ақ желдің күшеюі күтілуде, жолдарда көктайғақ болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892519-mz-katkan-kbyrlardy-zaa-dispen-eritkender-ekologtar-nazaryna-ilindi/

pixel