RU

Тараздың екі тұрғыны серіктес кәсіпкерді тақырға отырғызып кетті

Калькулятор лежит на столе среди бумаг
Фото: pixabay.com

Тараз қалалық соты рейдерлік жасады деп айыпталған екі азаматқа қатысты үкім шығарды деп жазады Sputnik Қазақстан агенттігі.

Басылым мәліметінше, қылмыстық істің материалдарын Жамбыл облысы экономикалық тергеулер департаментінің қызметкерлері сот қарауына ұсынған.

Тергеу қылмыстық кодекстің 249-бабының 2-бөлімінің 1-2-тармақтары ("Рейдерлік") бойынша жүргізілгені белгілі болды.

Ортақ үлесте үш ірі кәсіпорынды ("Тараз ИнКом" ЖШС, "Индустриалдық ресурс" ЖШС, "ННП Convergo Nursad" ЖШС) басқарған екі кәсіпкерге қатысты айып тағылған.

Қаржы министрлігінің қаржы мониторингі жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі осы жағдайға қатысты пікір білдірді.

Ведомство ұсынған ақпаратқа сәйкес, бастапқыда ортақ бизнесте үш компаньон қатысқан. Олардың үлесі тең емес бөліктерге үлестірілген. 2018-2020 жылдары олардың екеуі ресми кворум жариялау арқылы ортақ жиналыс хаттамасын әзірлепті.

"Оның қатысушыларының жасанды қолтаңбасын өздері қою арқылы үшінші компаньонды үлесінен айырады. Сотқа жүгініп отырған да сол азамат", - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, айыпталушылардың бірі есепшоттар ашу, банк карталарына, қаржы құжаттарына және келісімшарттарға қол қою құқығы және үш кәсіпорынның қаржылай бюджетін басқару құқығы бар директор болып шықты.

Ведомство зардап шегушіге қатысты рейдерлік жасалғаны сот отырысында толық көлемде дәлелденгенін атап өтті.

Нәтижесінде Тараз қаласының №2 сотының шешімімен екі айыпталушы үш жылға шартты түрде сотталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892534-tarazdy-eki-trgyny-seriktes-ksipkerdi-takyrga-otyrgyzyp-ketti/