Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денис Теннің анасы Толыбаеваның мерзімінен бұрын босатылуынан бейхабар болып шықты

Опубликовано:

Фото
Фото: juldyz.kz

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысы бар деген айыппен сотталған Жанар Толыбаева енді 10 күннен соң үйіне оралады. Бұл туралы сотталушының адвокаты Амангелді Сариев айтты деп жазады Azattyq Rýhy.

"Жанар бастапқыда 4 жылға сотталды, біз аппеляциялық шағым бойынша оның қоныс колониясында жазасын өтеуіне қол жеткізген едік. Яғни 2019 жылы 17 қаңтардағы Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі сотының үкімі бұзылып, сол жылы сәуірде Жанар Толыбаева қоныс колониясына көшкен. Алайда Оксана Тен арызданып, прокуратура сотталушыны қайтадан жалпы режимдегі түзету мекемесіне ауыстырды. Содан бері ол екі жарым жыл түрмеде отырды. Жазасы 2018 жылдың шілдесінен бастап саналғанда, бір күнді арнайы қабылданған заң аясында 1,5 күн деп есепейді. Осыны ескеріп, Жоғарғы сот осындай шешім қабылдады", - деді Амангелді Сариев.

Адвокат Денис Теннің өліміне қатысы бар деп айыпталған әйелдің ата-анасы Жамбыл облысы Қордай ауданы Әлжан ана ауылында тұратынын атап өтті. Олардың қолында Жанар Толыбаеваның екі баласы тәрбиеленіп жатыр, дейді ол. Сотталушы екінші баласын 2019 жылдың 6 наурызында Алматыдағы СИ-18 уақытша ұстау изоляторында өмірге әкелген.

Қорғаушының сөзінше, Жанар Толыбаева Жауғаштыдағы түрмеден енді 10 күннен соң ғана босай алады. Сол кезде Жоғарғы соттың қаулысы күшіне енбек.

Ал марқұм Денис Теннің анасы Оксана Тен басылым тілшісіне бұл жаңалықтан бейхабар екенін айтты. Ол Жанар Толыбаеваның мерзімінен бұрын босап шығатыны туралы хабарды естімегенін, сол себепті қандай да бір пікір білдіруге әлі ерте екенін жеткізді. 

Айта кетейік, марқұм Денис Теннің өлімі бойынша үш күдікті айыпталған еді.

Олардың бірі Арман Құдайбергенов "Алдын ала келісіп ұрлық жасау", "Алдын ала келісіп жасалған қарақшылық" , "Алдын ала келісіп жасалған адам өлтіру" баптары бойынша айыпталып, 18 жылға бас бостандығынан айырылды.

Екінші күдікті Нұралы Қиясов ұрлықтан басқа, жоғарыда келтірілген барлық бап бойынша кінәлі деп танылып, ол да 18 жылға сотталған болатын.

Ал үшінші күдікті Жанар Толыбаева "Қылмысты жасырып қалу" бабы бойынша айыпталып, 4 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Ол 2019 жылдың наурыз айында баласын босануына байланысты орташа қауіпсіздік колониясынан ең төменгі қауіпсіздік колониясына ауыстырылды.

Шілдеде Қазақстан Жоғарғы сотының кассациялық алқасы Жанар Толыбаеваны колонияға қайтаруды және Алматы сотының бала тууына байланысты колония-қоныста мерзімін өтейтіні туралы шешімінің күшін жоюды талап етті.

Осылайша, Толыбаева жазасын өтеп жатқан колонияға оралды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892538-denis-tenni-anasy-tolybaevany-merziminen-bryn-bosatyluynan-bejhabar-bolyp-sykty/

pixel