Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пандемия басталғалы Атырау облысының бас санитар дәрігері 8 рет ауысты

Опубликовано:

Фото
Фото: facebook.com/madeniet.tanauov

Атырау облысында кезекті рет бас санитар дәрігер ауысты. Бұл қызметке Мәдениет Танауов тағайындалды деп хабарлайды Ақ Жайық"басылымы.

Айта кетейік, Атырау облысында пандемия басталғалы бас санитар дәрігер осымен сегізінші рет ауысып отыр.

Мәдениет Танауов 1971 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың санитарлық-гигиеналық факультетін тәмамдаған. Осы уақытқа дейін Орал қаласының бас санитар дәрігері болып жұмыс істеген.

Sputnik Қазақстан агенттігі осы ақпаратқа қатысты мән-жайды сұрап Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментіне хабарласқан.

Ведомствоның баспасөз қызметі бұл мәселенің әкімдікте шешіліп жатқанын айтып, тағайындау заңды күшіне енген кезде ресми түрле хабарлайтынын жеткізді.

2020 жылдың қарашасында бұл қызметке Амантай Жұмағалиев тағайындалған болатын.

Ал оған дейін бұл қызметті Мейіржан Есімбаев, Темірбек Мұсағалиев, Амантай Жұмағалиев, Сәдуақас Байғабылов, Қанат Ғайнеденов және Асылбек Шаров атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892576-pandemia-bastalgaly-atyrau-oblysyny-bas-sanitar-drigeri-8-ret-auysty/

pixel