Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

40 градус аяз болады: Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Опубликовано:

ФОто
Көрнекі фото: pixabay.com

Еліміздің синоптиктері ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады деп хабарлайды Қазгидромет.

7 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі.

7 қаңтарда түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 40 градус қатты аяз сақталады.

Түнде 7-8 қаңтарда Қарағанды облысының кей жерлерінде 37 градус қатты аяз болжанады.

7-9 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман болады. Түнде 7 қаңтарда жекелеген аумақтарда 25 градус аяз болады.

7 қаңтарда Шымкент қаласында кей уақытта тұман күтіледі.

7 қаңтарда Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады. Күндіз облыстың батыс бөлігінде көктайғақ болады.

Еске сала кетсек, Қостанайдағы зиратта тоңып қалған ер адам ес-түссіз жатқан жерінен табылғанын жазған едік. Ер адам зиратқа туысын еске алу үшін келген екен. Қатты суықтан жаураған ол бірнеше уақыттан кейін есінен танып қалған.

Одан бөлек, Павлодар облысында тас жолда тұтас бір отбасы бұзылған машинада үсіп қала жаздады.

4 қаңтарда ер адам Павлодар қаласынан отбасымен Ақтоғайға қарай жолға шыққан. Жолда температураның тым төмен болуына байланысты ер адамның көлігі істен шыққан. Бұл отбасыға патрульдік полиция қызметкерлері кезігіп, оларды аман алып қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892584-40-gradus-aaz-bolady-elimizdi-birnese-irinde-dauyldy-eskertu-zarialandy/

pixel