Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы мектептерінде қосымша кезекші сыныптар ашыла ма

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы мектептерінде 1-5 сыныптар аралығында қосымша кезекші сыныптар ашуға тыйым салынды. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бекшиннің сөзіне сенсек, оқушылар арасында вирус жұқтыру көрсеткіші көтерілген. Мәселен, 5 қаңтардағы жағдайға сәйкес оқушылар арасында 311 оқушыдан коронавирус анықталыпты.

Бас мемлекеттік санитар дәрігердің айтуынша, онлайн оқудың арқасында аурудың жедел таралуына жол берілмеген.

"Біз 1500 баланы ауру жұқтырудан аман алып қалдық. Қаланың бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен 1-5 сыныптар арасында қосымша кезекші кластар ашуға тыйым салынды. Егер осы оқушылар мектепке барып жүрсе, 1500 бала жұқтырар еді. Басқа сыныптарға да көшетін еді. Мұғалімдер де ауырып қалар еді. Сондықтан бұл шешім дұрыс деп санаймын",- деді Бекшин.

9, 11, 12 сынып оқушыларына болса, үшінші тоқсаннан бастап дәстүрлі оқу форматына көшуге рұқсат беріліп отыр. Колледждің 1 курс студенттеріне де дәстүрлі оқу форматына екінші семестрден бастап көшуге рұқсат етілді.

Сонымен қатар Бекшин мектеп түлектері мектепке өз еркімен баратынын алға тартты.

"Ата-аналар баласын мектепке жіберемін деп шешсе, сабақтың 70 пайызы - офлайн, 30 пайызы - онлайн болмақ", - деді ол.

Дәстүрлі оқу форматына көшу кезінде әр сыныпта 15 оқушыдан аспауы шарт.

"Қалалық білім басқармасы мектептерді дезинфекциялау құралдарымен қамтиды. Дәлізде топтасып қалмас үшін әр сынып үзіліске әр уақытта шығады. Мектепте маска режимі қатаң сақталады", - деді Бекшин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892639-almaty-mektepterinde-kosymsa-kezeksi-synyptar-asyla-ma/

pixel