RU

Индонезияда дінбасылар коронавирус вакцинасын өндірушілерден халал куәлігін талап етуде

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Индонезияның ғұламалар кеңесі коронавирусқа қарсы вакцинаның адал (халал – ред.) екендігіне көз жеткізу үшін арнайы куәлік сұрап отыр деп хабарлайда "Хабар 24" арнасы.

Телеарна ұсынған ақпаратқа сәйкес, елдегі ең жоғарғы діни ұйымның өкілдері жергілікті азық-түлік және дәрі-дәрмек агенттігіне сауал жіберген.

Әрі қарай олар ресми қорытындыны пәтуа шығаратын кеңес қарауына ұсынбақ.

Айта кетейік, Индонезия Қытайдың "Синовак Байонтек" вакцинасының 3 миллион дозасын алдырған.

Елде жаппай вакциналау 13 қаңтар күні басталады деп жоспарланған.

"Біздің мақсатымыз алғашқы екпе жасалмай тұрып, пәтуа шығарту. Бұл өте маңызды. Себебі индонезиялықтардың көбі мұсылмандар және халал куәлігін алу парыз. Бұл тамақ пен сусынға ғана емес, сондай-ақ дәрі-дәрмекке де қатысты", - дейді Индонезияның ғұламалар кеңесі халал орталығының директоры Мути Аритауати.

Еске сала кетейік, ғұламалар кеңесі 2018 жылы қызылшаға қарсы екпеге адал емес деген пәтуа шығарған. Бірақ кейбір тұрғындар қазіргі коронавирус жағдайында мұндай көзқараспен келіспейтінін ашық айтуда.

"Мен де мұсылманмын, бірақ төтенше жағдай кезінде вакцинаны халал емес болса да салдырамын, себебі бұл көп адам үшін игілікті болады", - дейді жергілікті тұрғын Дилианто.

Ал елімізде ақпан айында ресейлік вакцина, наурыз айында қазақстандық вакцина қолданысқа шығарылмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892672-indoneziada-dinbasylar-koronavirus-vakcinasyn-ndirusilerden-arnajy-kulik-talap-etti/