RU

Бір тәулікте елімізде 831 адамнан коронавирус анықталды

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 831 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 160 650-ге жетіп отыр деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

"Қазақстанда өткен тәулікте 831 адамда коронавирус инфекциясы анықталды", - делінген хабарламада.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 76

Алматы қаласы - 128

Шымкент қаласы - 18

Ақмола облысы - 59

Ақтөбе облысы - 12

Алматы облысы - 56

Атырау облысы - 107

Шығыс Қазақстан облысы - 50

Жамбыл облысы - 17

Батыс Қазақстан облысы - 43

Қарағанды облысы - 35

Қостанай облысы - 65

Қызылорда облысы - 4

Маңғыстау облысы - 8

Павлодар облысы - 87

Солтүстік Қазақстан облысы - 57

Түркістан облысы - 9.

Еске сала кетсек, осыған дейін Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев оңтүстік астанада 2020 жылдың қарашасынан бері сегіз медицина қызметкері коронавирус жұқтырғанын айтқан еді.

"Сегізі де қазір тексеріліп жатыр. Кейінгі екі жағдай кардиология орталығынан анықталды. Бұйрық шыққанына қарамастан, инфекция жұқтырғандар есепке алынып, жеке-жеке талқыланып жатыр. Егер олардың жұмыста жұқтырғаны дәлелденсе, бұл сұрақты сол мекеме немесе жергілікті әкімдік күшімен шешеміз деп отырмыз", - деді Табынбаев.

Сонымен қатар, коронавирус пандемиясы басталғалы Атырау облысының бас санитар дәрігері сегізінші рет ауысқанын жазған болатынбыз.

Бұл қызметке Мәдениет Танауов тағайындылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892677-bir-tulikte-elimizde-831-adamnan-koronavirus-anyktaldy/