Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Туыс ағасымен некелеспей қойған бойжеткенді жақындары сүйіктісімен қоса зорлап өлтірді

Опубликовано:

Тұрмыстық зорлық-зомбылық
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Түркияда туыс ағасына тұрмысқа шығудан бас тартып сүйіктісімен қашып кеткен бойжеткен жақындарының қолынан ажал құшты. Бойжеткеннің туыстары оны пышақтап, ал ғашығын зорлап азаптап өлтірген деп жазады lenta.ru.

Белгілі болғандай, Байрамозу ауылының 24 жастағы тұрғынына жақындары қысым көрсетіп, туыс ағасына тұрмысқа шығуын талап еткен. Бұған қарсы болған бойжеткен өз ғашығымен бірге ауылдан қашып кетеді.

Қос ғашық жаңажылдық кеште жақын маңдағы қалада туысқандарының көзіне түсіп, бойжеткеннің жақындары оны ғашығымен бірге түскі асқа келуге шақырады. Алайда татуласу құрметіне ұйымдастырылған түскі ас соңы қанды оқиғаға ұласқан.

Бойжеткеннің туысқандары қос ғашықты пышақтап өлтіріп, бойжеткеннің сүйіктісін өлтірмес бұрын зорлап азаптаған. Қылмыскерлер артынша екеуінің мәйітін ауыл сыртындағы аймаққа жерлеп тастапты.

Полиция күдіктілерді қолға түсірді. Олар қос ғашықтың денесін қай жерде жасырылғанын көрсетіп, өз кінәларын мойындаған.

Мәйіттер табылғаннан кейін бойжеткеннің әкесі, ағасы, немере ағасы және тағы екі туысқаны "кісі өлтіру" бабымен айыпталып, дереу қамауға алынды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағандыда контейнерден 35 жастағы ер адамның денесі табылғанын жазған едік.

Қарағанды полициясы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 37 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті кінәсін мойындаған. Айтуынша, ол марқұммен сөзге келіп қалып, оны өлтірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892745-tuys-agasymen-nekelespej-kojgan-bojzetkendi-zakyndary-sjiktisimen-kosa-zorlap-ltirdi/

pixel