RU

Күн жылынады: Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды

Жігіт пен қыз жолдан өтуде
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Еліміздің синоптиктері 9-11 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамын жасады деп жазады KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауа райын болжаушылардың дерегінше, алдағы күндері республиканың басы бөлігіне циклон әсер етеді. Бұл ел бойынша ауа температурасының көтерілетінін білдіреді. Ал еліміздің оңтүстігінде күн райы жылы болмақ.

Сонымен қатар, циклонмен бірге Қазақстан аумағының басым бөлігінде қар түрінде жауын-шашын, қарлы боран, көктайғақ, тұман болып, жел күшейеді.

Еске сала кетсек, Қазгидромет мамандарының айтуынша, 7-9 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман болады.

Түнде 7-8 қаңтарда Қарағанды облысының кей жерлерінде 37 градус қатты аяз болжанды.

Айта кетсек, Қостанайдағы зиратта тоңып қалған ер адам ес-түссіз жатқан жерінен табылғанын жазған едік. Ер адам зиратқа туысын еске алу үшін келген екен. Қатты суықтан жаураған ол бірнеше уақыттан кейін есінен танып қалған.

Одан бөлек, Павлодар облысында тас жолда тұтас бір отбасы бұзылған машинада үсіп қала жаздады.

Биыл 4 қаңтарда ер адам Павлодар қаласынан отбасымен Ақтоғайға қарай жолға шыққан. Жолда температураның тым төмен болуына байланысты ер адамның көлігі бұзылып қалыпты. Дегенмен үсіп қала жаздаған отбасыға бұл отбасыға патрульдік полиция қызметкерлері кезігіп, оларды аман алып қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892781-kn-zylynady-sinoptikter-aldagy-s-knge-aua-rajy-bolzamyn-syndy/