Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанның экономика министрі қазақстандық полицейлерге алғыс айтты

Опубликовано:

Полицейлер
Фото: polisia.kz

Қырғызстанның экономика министрі Санжар Муканбетов Қазақстанның Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың атына алғыс хатын жолдады деп жазады Polisia.kz.

Санжар Муканбетов қырғызстндық ауыр жүк көлігінің жүргізушісі Актилек Арзыбековке көмек көрсеткені үшін Павлодар облысы полиция департаментінің жеке құрамына алғыс атқан.

Ер адам қатты аязда Шідерті ауылы маңындағы тас жолда тұрып қалған.

"Полиция қызметкерлері Жақсылық Байысбеков, Азамат Шақшабаев және Руслан Верещак көрсеткен кәсіби және жеке қасиеттер адам өмірін құтқару міндетін абыроймен және адамгершілікпен орындауға мүмкіндік берді", - дейді Қырғызстанның Экономика министрі жазған хатында.

Сонымен бірге ол қызметкерлерді жаңа 2021 жылмен құттықтап, мықты денсаулық пен күш-қайрат тілеген.

Еске сала кетсек, Қызылорда қаласы полиция басқармасының қызметкерлері 7 қаңтарда өрт шыққан үйдің тұрғынын тілсіз жаудан құтқарғанын жазған едік.

Тәртіп сақшылары өрт сөндірушілердің келгенше бөлмелердің бірінде жатқан ер адамды сыртқа алып шыққан.

Өртті ауыздықтау барысында үйде газ баллондары бар екендігі белгілі болды. Полицейлер электр құрылғыларын толығымен өшіріп, төрт газ баллонын сыртқа шығарды.

"Қандай жағдай болмасын бірінші кезекте халыққа көмектесу міндетіміз. Бұл әрекетімізді ерлік немесе батырлық деп санамаймыз. Менің орнымдағы әрбір полиция қызметкері болса солай жасар еді. Бастысы адам өмірін арашалап қалдық", – дейді учаскелік полиция инспекторы Қайрат Утембетов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892796-kyrgyzstanny-ekonomika-ministri-kazakstandyk-policejlerge-algys-ajtty/

pixel