Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбылда өз үйіндегі сарайда үш қап есірткі сақтаған ер адам ұсталды

Опубликовано:

Есірткі
Фото: polisia.kz

Жамбыл облысында полицейлер үш қап есірткі сақтаған ер адамды ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірдегі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабековтың хабарлауынша, 1 қаңтарда ведомство қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Мойынқұм ауданының 45 жастағы тұрғынын ұстаған.

Оның үйіндегі сарайына тінту жүргізу кезінде жалпы салмағы 4 кг 535 граммды құрайтын үш қап “кептірілген марихуана” есірткі заты табылған.

Күдікті өз кінәсін мойындап, Мойынқұм ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетсек, Ақмола облысында есірткі заттарын тасымалдаумен айналысқан ағаш өңдеу цехының иесі ұсталып, одан 11 келіден астам марихуана тәркіленгенін жазған едік.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 желтоқсанда Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қостанай облысы Қарасу ауданының 41 жастағы тұрғынын ұстаған.

Күдіктінің Ақмола облысының Есіл және Жарқайың аудандары аумағына есірткі заттарын жеткізу және өткізумен айналысқаны анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892807-zambylda-z-jindegi-sarajda-s-kap-esirtki-saktagan-er-adam-staldy/

pixel