RU

Қазақстанда бір апта ішінде коронавирустан 57 адам қайтыс болды

Аурухана
Көрнекі фото: Orhan Cicek/Anadolu Agency via Getty Images

28 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында Қазақстанда коронавирустық инфекциядан 57 өлім тіркелді деп хабарлайды Coronavirus2020.kz ресми Telegram арнасы.

Өңірлер тұрғысынан соңғы аптада коронавирустың өлім-жітімі келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 2

Алматы қаласы - 9

Шымкент қаласы - 2

Ақмола облысы - 1

Ақтөбе облысы - 1

Алматы облысы - 2

Атырау облысы - 18

Шығыс Қазақстан облысы - 5

Батыс Қазақстан облысы - 5

Қарағанды облысы - 2

Қостанай облысы - 2

Павлодар облысы - 7

Түркістан облысы - 1

Жалпы пандемия кезінде коронавирус салдарынан 2319 қазақстандық қайтыс болды.

Еске салсақ, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 831 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 160 650-ге жетіп отыр.

Айта кету керек, 6 қаңтарда Құлсарыдағы медициналық мекемеде 3 жасар қыз бала көз жұмды. Тағы бір 3 жасар ер бала Атырау қаласына жіберілген. Бұл туралы Жылыой аудандық ауруханасы директорының орынбасары Клара Тағамбаева айтты.

Оған қоса, Алматыда 2020 жылдың қарашасынан бері сегіз медицина қызметкері коронавирус жұқтырған. Бұл туралы брифинг барысында Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев мәлімдеді.

Алматының бас дәрігері еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен қарашадан бастап инфекция жұқтырған медицина қызметкерлеріне әлеуметтік төлем беру тоқтатылғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892829-kazakstanda-bir-apta-isinde-koronavirustan-57-adam-kajtys-boldy/