RU

Өзбекстандағы қандасымыз Расул Көшербаев көрші елдің "Жыл адамы" атанды

Фото
Расул Көшербаев. Фото: uza.uz

Өзбекстан Ұлттық ақпараттық агенттігі жыл сайын ұйымдастырып келе жатқан марапаттау рәсімінде қандасымыз Расул Көшербаев "Жыл адамы" атанғанын мәлімдеді деп хабарлайды uza.uz.

Басылым мәліметінше, түрлі номинациялар бойынша дауыс беру арқылы бір жылда үздік нәтижеге қол жеткізген жандар марапатталған.

"Жыл адамы" сауалнамасына ұсынылған үміткерлердің арасында көпшілікке жақсы таныс ӨР "Олий Мажлис" Заң шығарушы палатасының депутаты Расул Көшербаев ең көп дауысқа ие болған.

"Шын мәнінде депутат Көшербаев елдегі (Өзбекстандағы - ред.) өзекті проблемалар мен елді қинап келе жатқан мәселелерді шешуге белсене атсалысқандығының арқасында қоғамда беделді жанға айналды", - делінген хабарламада.

Аталған басылым халық пен билік арасында берік дәнекер болып, тынымсыз еңбек етіп жүрген қандасымыз Расул Көшербаевтың биылғы алған марапаты өзіне әбден лайық екенін ашып жазған.

Айта кетейік, Өткен жылдың басында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Өзбекстан Парламентте сөйлеген сөзінде Расул Көшербаевтың қызметін айырықша атап, "Жыл депутаты" деп бағалаған екен

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892866-zbekstandagy-kandasymyz-rasul-kserbaev-krsi-eldi-zyl-adamy-atandy/