Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 1 ақпаннан бастап кинотеатрлар жабылуы мүмкін

Опубликовано:

кинотеатр жұмысы
Көрнекі фото: www.gazeta.ru

Қазақстанда 1 ақпаннан бастап кинотетарлар бірнеше айға жабылуы мүмкін. Оның басты себебі – фильмдердің прокатта болмауы деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Қазақстан кинотеатрлар иелері қауымдастығы президенті Мунира Ягудинаның сөзінше, Голливудтың негізгі студиялары көктемгі премьераларды күзге ауыстыру туралы шешім қабылдаған.

Ал отандық киноөндірушілердің картиналары ақпаннан кейін жарыққа шықпақ.

Мунира қазіргі уақытта прокатта 16 картина бар екенін жеткізді.

"Осы туындылардың арқасында кинотеатр жұмыс істей алар еді. Енді отандық киноөндірушілер оларды күзге қалдыруды жөн көрді. Ал ол кезде кинотетарлар жұмыс істей ала ма, ол да белгісіз", - деді Қазақстан кинотеатрлары иелері қауымдастығының президенті.

Осы орайда Мунира Ягудина продюсерлер өз ойларынан қайтып, қолдау мақсатында туындыларды ертерек шығарса екен деген ұсынысын да білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892881-kazakstanda-1-akpannan-bastap-kinoteatrlar-zabyluy-mmkin/

pixel