Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тойға дайындық басталды": Үкілі бала жеке өміріндегі соңғы жаңалықтармен бөлісті

Опубликовано:

Фото
Фото: Ерболсынның жеке мұрағаты

Ел арасында емшілігімен танымал болған Ерболсын Серікбаев соңғы жаңалықтармен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Үкілі бала" болашақта шоу-бизнес белестерін бағындырмақ. Айтуынша, бейнебаян түсіру жұмыстарын бастап кеткен.

"Қазақ елі" атты ән жазылды. Оған бейнебаян шығаруға дайындалып жатырмыз. Азамат есімді жас әншімен дуэт орындаймын. Бейнебаян Қазақстанда түсіріледі. Оған Ақтау, Алматы қалаларын таңдап отырмыз. Сонымен қатар, тағы бір ән жазылу үстіне. Оны елімізге танымал рэпер Жан Ахмадиевпен бірге орындайтын боламын",- дейді Ерболсын Серікбаев.

Емші өзін іздеушілердің әлі де көп екенін айтты. Қазір эпидемиялық жағдайға байланысты топтық жиындарды тоқтатқан. Айтуынша, күніге тек отыз адамнан қабылдап, жекелеген кездесулер өткізіп жүр. Қазір отбасымен Ақтөбе қаласында тұратын "үкілі бала" Ерболсынды Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан шақыртатындар көп.

Сонымен қатар, биыл жас емшінің жеке басына қатысты жаңалық көп болғалы тұр.

"Сүйіктім бар. Ұсыныс жасадым. Ол студент. Тойға дайындық басталды. Жазда атап өтіледі. Беташарды Ақтөбеде өткізіп, жастарға арналған тойды шетелде жасау жоспарым бар" -дейді Ерболсын Серікбаев.

Айта кетейік, Қызылорда облысының Аралқұм жерінен шыққан емші бала 9 жасынан адам қарап танылған болатын.

Фото
Фото: Ерболсынның жеке мұрағаты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892889-tojga-dajyndyk-bastaldy-kili-bala-zeke-mirindegi-sogy-zaalyktarmen-blisti/

pixel