RU

Үш адам зардап шекті: Ақтаудағы көлік апаты видеоға түсіп қалды

Жол апаты
Видеодағы кадр: lada.kz

Ақтауда екі көлік соқтығысып қалды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам зардап шекті деп хабарлайды Lada.kz.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жол-көлік апаты 8 қаңтар күні орын алған.

Audi B4 және Toyota 4Runner көліктері "Шығыс-1" және "Шығыс-2" шағын аудандары арасында соқтығысты. Audi B4 көлігінің жүргізушісі екіншісіне жол бермеген.

Көліктердің соқтығысу сәті видеоға түсіп қалған.

"Үш адам жарақат алды. Олар Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Апат фактісі бойынша "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 610-бабы бойынша хаттама жасалды", – деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Алматыда Рысқұлов даңғылының бойындағы Кудерин көшесімен түйісетін көпірде жол апаты болған еді. Апат салдарынан көліктің жолаушысы жарақат алды.

Жол апаты салдарынан Lexus көлігіндегі жолаушы зардап шекті. Көліктің артқы әйнегі сынып, сынықтар қыздың басына тиген. Ол түрлі жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Сонымен қатар, Алматыда троллейбустың қатысуымен жол апаты болды.

Жарақат алған 4 адамның барлығы жапон көлігінің жолаушылары болып шықты. Жол апаты салдарынан жарақат алғандар ауруханаға жатқызылды. Оқиға Алматыдағы Қалдаяқов пен Төле би көшелерінің қиылысында болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892898-s-adam-zardap-sekti-aktaudagy-klik-apaty-videoga-tsip-kaldy/