Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұрлықшы әйел телефонды иесіне қайтарды

Опубликовано:

Телефон ұстаған қыз
Көрнекі фото: piqsels.com

Алматы облысында телефон ұрлаған азаматша телефонды иесіне қайтарып берген деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 7 қаңтарында сағат 13.00 шамасында Жамбыл ауданының кезекші бөліміне Қыдырбекұлы ауылының 44 жастағы тұрғыны бутиктің сөресінен құны 95 000 теңге тұратын ұялы телефонының ұрланғаны туралы арызданған.

Аталған дерек ҚР қылмыстық кодекстің 188-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді. Оқиға орнына жеткен жедел уәкілдер жәбірленушінің ұрлық орын алғаннан кейін өз телефонына полицияға ұрлық туралы хабарлағаны және оны іздеп-тапқанша телефонды қайтаруды сұрағаны туралы хабарлама жібергенін анықтады.

Біраз уақыттан кейін Ұзынағаш ауылының 31 жастағы тұрғыны бутикке оралып, ұрланған телефонды иесіне қайтарып, қылмысын мойындаған. Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қолдана отырып, оңай олжа тапқысы келген адамның іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.

Еске салсақ, Панфилов ауданының полицейлеріне арызданған Жаркент қаласындағы жеке дүкен иелері белгісіз біреудің сөредегі заттарды байқатпай ұрлап кеткенін айтқан еді.

Өткізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмысқа қатысы бар күдікті әйел ұсталды. Оның еш жерде жұмыс істемейтін, бұған дейін сотталмаған жергілікті тұрғын екені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892903-rlyksy-jel-telefondy-iesine-kajtardy/

pixel