Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Лондон мэрі төтенше жағдай жариялады

Опубликовано:

Лондон көшелерінің бірі
Көрнекі фото: Getty Images

ДДСҰ британиялық коронавирус штамының жылдам таралып, өрши түскенін растады деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Айта кеткен жөн, Лондондағы эпидемиологиялық ахуал өте қауіпті деңгейге жетті. Ауруханаларда орындар жетпей, бос орын табылмауда. Қала әкімі төтенше жағдай режимін енгізді.

Дәрігерлер өмірі үшін күресіп жатқан 7 мың науқастың мыңы өкпені жасанды желдету аппараттарына қосылған. Лондондықтардың әрбір отызыншы тұрғыны COVID-19 жұқтырған деп есептеледі.

"Мен төтенше жағдай жарияладым, себебі вирустың таралуына қатысты жағдай бақылаудан тыс шығып бара жатқанына алаңдаулымын. Ауруханаларда адам саны шектен тыс көбею қаупі бар. Дәрігерлер ерен еңбегін жалғастырып жатыр. Алдағы апталарда ауруханаларда бос орын қалмаса, қорқынышты жағдай орын алғалы тұр", – дейді Лондон мэрі Садик Кхан.

Елдегі жағдайға келсек, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 843 адам тіркелгені туралы жазған болатынбыз. Осылайша, пандемия басталғалы бері қазіргі уақытқа дейін Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 161 493-ке жетіп отыр.

Еске сала кетсек, осыған дейін Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев оңтүстік астанада 2020 жылдың қарашасынан бері сегіз медицина қызметкері коронавирус жұқтырғанын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892913-koronavirus-london-meri-ttense-zagdaj-zarialady/

pixel