Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Индонезияда ұшақ апатқа ұшырады (видео)

Опубликовано:

Индонезияда ұшақ құлады
Фото: cnnindonesia.com

Boeing 737-500 Индонезиядағы Ланканг аралының маңында суға құлады. Апат кезінде балықшылар теңізден екі жарылыс естіген. Кейінірек ұшақтың сынықтары, кабель бөліктері, дене бөліктері табылды деп хабарлайды CNN Indonesia.

Полиция мен құтқару қызметінің қызметкерлері оқиға орнына жіберілді. Жақын аралдағы тұрғындар қоқыстарды, кабель бөліктерін, денелерді тауып жатыр деп атап өтілген. Индонезияның көлік министрі Буди Карья Сумади жергілікті detik.com сайтына ұшақтың құлағанын растады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ұшақ бортында 53 ересек адам мен алты бала, оның ішінде бір нәресте болған. Суға құлаған Boeing 737-500 ұшағы 26 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келген. Оның алғашқы рейсі 1994 жылы мамырда өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін диспетчерлер Sriwijaya Air әуе компаниясының жолаушылар ұшағымен байланысын үзген. Лайнер Джакартадан Понтианакка көтерілді, бірақ 4 минуттан кейін радардан жоғалып кеткен.

Еске салсақ, Стамбулдан Алматыға бағыт алған Turkish Airlines Cargo әуе компаниясының жүк таситын ұшағы шұғыл түрде Ататүрік әуежайына қайта қонуға мәжбүр болған. Белгілі болғандай әуе кемесі бір топ құспен соқтығысып қалған.

Айта кетейік, бұған дейін Атыраудан Нұр-Сұлтанға бағыт алған ұшақтың ірі құстар тобымен соқтығысқанын хабарлаған едік.

Осыдан кейін әуе кемесінің командирі Иван Карпович әуежайға оралу туралы шешім қабылдаған. Бортта 115 жолаушы болған, олардың ешқайсысы зардап шекпеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1892919-indoneziada-sak-apatka-syrady-video/

pixel