RU

Алматы облысында 3 ай хабар-ошарсыз кеткен жігіт табылды

Полицей1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматы облысының полицейлері 3 ай іздеуде болған 33 жастағы жігіттің мекенжайын анықтады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2020 жылдың қазан айында 1988 жылы туған Ақсу ауданының тұрғыны үйінен шығып, белгісіз бағытта кетіп қалғаны туралы ақпарат түскен.

Ағасының хабар-ошарсыз кеткеніне алаңдаған Талдықорған қаласында тұратын қарындасы жергілікті полицейлердің көмегіне жүгінген.

"Ақпарат алған соң бірден іздеу жұмыстарын бастадық. Тәртіп бойынша әртүрлі нұсқаны қарастырдық. Тәжірибелі мамандар оң нәтижеге қол жеткізіп, 7 қаңтарда іздеу жарияланған жігіт Сарқан ауданынан табылды. Жігіттің туыстарына хабар берілді. Енді оның неге хабарсыз кеткенін және осы уақыт аралығында қандай жағдайда өмір сүргені анықталатын болады", – деді Ақсу ауданы Полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Әділмұрат Байзолда.

Еске салсақ, Түркістан облысының тұрғыны полицияға хабарласқан еді. Анасы 11 сынып оқитын қызының жоғалғанын айтып, көмек сұраған. Тәртіп сақшылары жасөспірімді Шымкенттен тапты.

Ақпарат алысымен Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірден кәмелет жасына толмаған қызды іздеуге кіріседі. Оның баруы мүмкін жерлермен, хабарласуы мүмкін дос-құрбыларынан жауап алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892922-almaty-oblysynda-3-aj-habar-osarsyz-ketken-zigit-tabyldy/