Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда парламент мәжілісінің сайлауы бастау алды

Опубликовано:

Сайлау
Фото: sputniknews.kz

Қазақстанда парламент мәжілісінің депутаттарын сайлау басталды. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2021 жылғы 10 қаңтардағы астана уақытымен сағат 7.00-дегі жағдай бойынша 12 өңірде 8 141 сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл жөнінде Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство ұсынған ақпарат бойынша, 12 шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы 12 сайлау учаскесі де дауыс беруге кіріскен.

Республикада барлығы 10 060 сайлау учаскесі бар. Соның ішінде 66 сайлау учаскесі - 53 елде Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанында.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң шеңберінде аумақтық сайлау комиссиялары қабылданған шешімдерге сәйкес, 47 учаскеде дауыс беру таңғы сағат алтыда басталды.

Қазақстан Республикасының аумағындағы уақыт белдеулерінің шекараларына сәйкес 5 өңірде - Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 7.00-де дауыс беруге  кірісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1892937-kazakstanda-parlamenttik-sajlau-bastau-aldy/

pixel