Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Халықтың көңіл-күйі жақсы": Ақтөбенің чемпион әкімі жерлестерін сайлауға шақырды

Опубликовано:

асхат шахаров
Асхат Шахаров. Фото: NUR.KZ

Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров "Достық" үйінде орналасқан №52 сайлау учаскесіне ерте келді. Өз таңдауын жасаған қала басшысы жерлестерін дауыс беруге шақырды деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бүгін барлық деңгейдегі мәслихаттар мен парламент мәжілісінің депутаттарын сайлау басталды. Қала бойынша 162​ сайлау учаскесі жұмыс істейді. Халықтың көңіл-күйі жақсы. Барша ақтөбеліктерді өз даусын беруге шақырамын", - деді Шахаров.

Қала басшысы дауыс беруге жалғыз келген. Балалары кішкентай болғандықтан жұбайы кейінірек келіп дауыс беруге қатысатынын айтты.

Естеріңізге сала кетсек, Асхат Шахаров самбодан үш дүркін әлем чемпионы.

42 жастағы шенеунік саясатқа қалай келгенін айтып, KAZ.NUR.KZ-ке сұқбат берген болтын.

Қазақтың туын бірнеше мәрте көкке көтерген дзюдо чемпионы қазір ақтөбеліктердің ықыласына бөленіп жүр.

Ақтөбеде дауыс беру науқаны таңғы сағат 7:00-де басталды. Дауыс беру процесін саяси партиялар мен қоғамдық бірлестік филиалдары байқаушыларынан өзге​ ТМД мен​ ЕҚЫҰ​ өкілдері​ бақылап отыр.

Барлық​ учаскелерде​ сайлаудың өтуін​ және қатысушылардың​ қауіпсіздігін​ қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданған және​ санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталған.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқығын жүзеге асыру үшін учаскелерде пандустар, тұтқалар орнатылған, бейімделген форматтағы ақпараттармен жабдықталған мониторлар бар.

COVID-19​ коронавирус инфекциясының​ таралуын болдырмау​ мақсатында медицина қызметкерлері мен еріктілердің кезекшілігі ұйымдастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892949-halykty-kil-kji-zaksy-aktbeni-cempion-kimi-zerlesterin-sajlauga-sakyrdy/

pixel