Сайлаушылардың 11,6 проценті дауыс беріп үлгерді: қай өңірлер алда келеді
Опубликовано:

Орталық сайлау комиссиясы елорда уақытымен сағат 10.00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың қанша проценті дауыс бергені жөнінде ақпарат берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Облыстық, Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларының сайлау комиссиялары ұсынған ақпаратқа сәйкес, 10.00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 11,6 проценті дауыс берді.
Олардың ішінде:
Ақмола облысы бойынша – 10,2 %
Ақтөбе облысы бойынша – 9,9 %
Алматы облысы бойынша – 11,3 %
Атырау облысы бойынша – 10,3 %
Батыс Қазақстан облысы бойынша – 12,7 %
Жамбыл облысы бойынша – 12,8 %
Қарағанды облысы бойынша – 10,4 %
Қостанай облысы бойынша – 11,2 %
Қызылорда облысы бойынша – 10,3 %
Маңғыстау облысы бойынша – 8,7 %
Павлодар облысы бойынша – 14,0 %
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 14,9 %
Түркістан облысы бойынша – 13,3 %
Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 12,1 %
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 10,8 %
Алматы қаласы бойынша – 9,7 %
Шымкент қаласы бойынша – 14,4 %
Сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы одан кейінгі ақпарат жергілікті уақыт бойынша сағат 12.00-де, 14.00-де, 16.00-де, 18.00-де және 20.00-де ұсынылады. Сайлаушылардың келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат сағат 22.00-де ұсынылады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892955-sajlausylardy-116-procenti-dauys-berip-lgerdi-kaj-irler-alda-keledi/