Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Халыққа жаман нәрсе болмасын": Ақтөбеде сайлау учаскесіне 105 жастағы әже келді (фото)

Опубликовано:

Көрнекі
Фото: NUR.KZ

Ақтөбедегі №26 сайлау учаскесіне 105 жастағы кейуана дауыс беруге өзі келді. Ғасыр жасаған Жәкібай Бисенғалиева тыл ардагері деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Мен үнемі сайлаудан қалмаймын. Бұрын ашылған бойдан ерте келіп, беретін едім. Қазір қартайдым",- дейді Жәкібай Бисенғалиева.

Қария дауыс бергеннен кейін сайлау учаскесіне келген қала тұрғындары мен БАҚ өкілдеріне батасын беріп кетті.

"Алланың берекетін, екі дүниенің абыройын берсін! Жаңа жыл да, сайлау да құтты болсын! Аман сау өтіп кетсін. Жай қолыңды жамағат, Алладан тисін шапағат! Бергеніне Алланың етіңдер, қалқам, қанағат. Қастарыңнан достарың қалмасын, арттарыңнан дұшпан шалмасын! Халыққа жаман нәрсе ешқашан болмасын. Аурудан Аллам құтқарсын. От пен судан, тіл мен көзден,  ауру сырқаудан, жол азабынан сақтасын. Менің жасыма келіп, сендер де сайлауға келіп жүріңдер",- дейді қария.

Фото
Фото: NUR.KZ

Айта кетейік, Жәкебай Бисенғалиева 105 жаста. Бүгінде үш баласынан 3 немере, 7 шөбере сүйіп отыр.

Қазір немересінің қолында тұрады. Тыл ардагері жастық шағында көп жыл сауыншы болып жұмыс істеген. Ашаршылық кезде егін егіп, мал баққан. Ұлы Отан соғысы ардагері болған жолдасы Ғабит Бисенғалиев 92 жасында өмірден өткен.

Кейуана әлі де қуатты, ойы тың.

Фото
Фото: NUR.KZ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892974-halykka-zaman-nrse-bolmasyn-aktbede-sajlau-ucaskesine-105-zastagy-ze-keldi-foto/

pixel