RU

Тоқаев АҚШ-тағы ахуалға қатысты пікір білдірді

Фото
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-та президент сайлауынан кейін орын алған ахуалға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы ел президенті елордадағы Оқушылар сарайында орналасқан №58 сайлау учаскесінде таңдау жасағаннан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтты.

"Әлбетте, бүкіл әлем сияқты Қазақстан да Америка Құрама Штаттарында орын алған жағдайды жіті бақылап отыр. Сайланған президент Джо Байден жасаған қорытындымен келісу қажет деп санаймын. Америкалық демократияның қамалы – Капитолияны басып алу заңсыздық экстремизм екендігі сөзсіз. Заңсыздық пен экстремизмге қатысты тиісті шара қолданылуы тиіс. Америка Құрама Штаттарының президенті Джо Байден жасаған қорытынды өзге де елдерге қатысты қолданылады деп үміттенемін. Және де бұл қорытынды әмбебап болады", - деді мемлекет басшысы

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас тұрақты дами түсетіндігіне тоқталды.

"АҚШ 1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы елдердің бірі болды. Сол себепті біздің тарапымыздан өзара қарым-қатынастарымызда жинақталған барлық позитивті сақтауға және алға жылжуға қажетті күш-жігер қабылданады", - деді ол.

Сонымен қатар мемлекет басшысы 15 қаңтарда үндеу жасауға дайындалып жатқанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892976-tokaev-aks-tagy-ahualga-katysty-pikir-bildirdi/