Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сайлау учаскесіндегі заң бұзушылық туралы видео тарады": Ақпарат қаншалықты рас

Опубликовано:

Скриншот
Скриншот: facebook

Әлеуметтік желіде сайлау учаскесіндегі заң бұзушылықтар туралы видео тарап, көпшіліктің талқысына түсіп жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеоны Алмас Байқадамов есімді оқырман Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жария етті.

Кадрдан бюллетеньдердің дауыс беру жәшігіне салу барысын байқау қиын емес.

Жазба авторының айтуынша, бұл Қазақстанда орын алған жағдай.

Ал Stopfake.kz сайты шын мәнінде, бұл ескі видео екенін және өткен жылдың шілде айында Мәскеуде түсірілгенін анықтады.

"Видеоның түпнұсқасын Twitter әлеуметтік желісінен көруге болады. Ол 2 шілдеде Ресейде Конституцияға өзгертулер енгізу жөніндегі сайлаудан кейінгі күні жарияланған", - делінген хабарламада.

Кейіннен мәскеулік Раменки ауданындағы осы сайлау учаскесінде дауыстарды санау тоқтатылыпты. Бұл туралы Мәскеу қалалық сайлау комиссиясы өзінің Telegram каналында айтылды.

"Демек, видеода көрсетілген бұзушылықтар Қазақстанда болған деген ақпарат – фейк. Бұл жазбаның қазақстандық сайлауға ешқандай қатысы жоқ", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892978-sajlau-ucaskesindegi-za-bzusylyktar-turaly-video-tarady-akparat-kansalykty-ras/

pixel