RU

Коронавирус: Қазақстанның екі облысы "қызыл" аймаққа енді

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Қазақстанның қос облысы "қызыл" аймаққа енді. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы Ұлттық денсаулық сақтау орталығының сайтында жаңартылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

2021 жылдың 10 қаңтарындағы жағдайға сәйкес, Ақмола және Павлодар облыстары "қызыл" аймақта тұр. Ал Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы және Қостанай облысы "сары" аймақта орналасқан.

Басқа өңірлердің барлығы "жасыл" аймақта.

Еске сала кетсек, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 780 адам тіркелгені белгілі болды. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 162 273-ке жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892985-koronavirus-kazakstanny-eki-oblysy-kyzyl-ajmakka-endi/