Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 101 жастағы кейуана өз таңдауын жасады

Опубликовано:

Фото
Фото: Instagram/zhetysu_audany_ask

Алматы қаласының Жетісу ауданында 100 жастан асқан және ғасыр жасына жақындаған жергілікті тұрғындар да өз дауыстарын берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Жетісу ауданы аумақтық сайлау комиссиясы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жария етті.

"Біздің Жетісу ауданында 100 жастан асқан және осы жасқа жақындаған тұрғандар бар. Пандемияға байланысты, оларға ыңғайлы әрі қауіпсіз болу үшін дауыс беруге арналған арнайы жәшіктермен учаскелік комиссия олардың үйлеріне барды.

Дәл осы әдіспен бүгін 1920 жылы туған Садвакасова Культай, 1922 жылы туған Антипина Таисья Ивановна және 1937, 1938 жылы дүниеге келген Нефедова Маргарита Филипповна мен ерлі-зайыптылар Ахметкалиев Нұрғали және Рая өз дауыстарын берді", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қазақстанда парламент мәжілісінің депутаттарын сайлау басталғанын жазған едік.

Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2021 жылғы 10 қаңтардағы астана уақытымен сағат 7.00-дегі жағдай бойынша 12 өңірде 8 141 сайлау учаскесі дауыс беруге кіріскен.

Дауыс беру кешкі сағат 20:00-де аяқталады.

Сонымен қатар, атыраулық ата-ана қызына Сайлау деп ат қойғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892991-sajlau-almatyda-zz-zastan-askan-birnese-karia-z-dauystaryn-berdi/

pixel