Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Түркияда жоғалып кеткен 21 жастағы қазақстандық ару өлі күйінде табылды

Опубликовано:

Арайлым Орынбаева
Арайлым Орынбаева. Фото: Haberler.com

Түркиялық басылымдар жеті ай бұрын Анталияда із-түссіз жоғалып кеткен 21 жастағы қазақстандық Арайлым Орынбаеваның денесі табылғанын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жергілікті полиция оның денесін Сарысу ауданы Алтын-яка көшесіндегі орманды аймақтан тапқанын мәлім етті, деп жазады Haberler порталы.

Айта кетейік, Арайлым Орынбаева біраз уақыт бұрын отбасымен бірге Түркияға қоныс аударған. Сол елде тұруға ықтиярхаты болған. Анасы және інілерімен бірге тұрған ару жанұясындағы жанжал төбелеске ұласқан соң өткен жылдың мамыр айында үйден кетіп қалыпты.

Содан ұялы телефонын өшіріп тастаған. Анасы Салтанат Орынбаева ертеңіне полицияға арыз жазған. Бойжеткенді іздеу жұмыстары жеті айға жалғасқан.

Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, құқық қоргау органдарының қызметкерлері ұялы телефон сигналдары арқылы Арайлымның соңғы рет қайда болғанын анықтады.

Іздеу жұмыстары оларды Сарысу ауданындағы орман алқабына алып келді.

Алдын ала болжам бойынша 21 жастағы ару өзіне қол салған.

Қазіргі уақытта бойжеткеннің мәйіті Анталия сот медицинасы институтының мәйітханасына жеткізілді.

NUR.KZ тілшісі Қазақстанның сыртқы істер министрлігінен осы жағдайға қатысты түсініктеме беруін сұрады. Ведомствоның баспасөз қызметі ақпараттың тексеріліп жатқанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892993-bak-trkiada-7-aj-bryn-zogalyp-ketken-kazakstandyk-aru-li-tabyldy/

pixel