RU

Жамбылдық Тiк-Тоk жұлдызы Талдықорғанда ұсталды: Оқиға қатысты тың дерек пайда болды

Фото
Фото: Әбдіқадыр Наурызбектің әлеуметтік желідегі жеке парақшасы

Алматы облысы полиция департаментінің қызметкерлері Талдықорғандағы дәмханалардың бірінде әлеуметтік желіде танымал болған жамбылдық шопанды ұстағанын жазған болатынбыз. Осы орайда блогер Әбдіқадір Наурызбектің ағасы оқиғаның мән-жайын айтып берді деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мырзабек Чубакбаевтың сөзінше, құқық қорғау қызметкерлеріне бейтаныс тұлға қоңырау шалып,  Әбдіқадырдың жанкүйерлерімен кездесу ұйымдастырғаны жөнінде хабар таратқан. Артынша оқиға орнына тәртіп сақшыларының келгені белгілі болды.

"Полицияның ұстағаны рас. Алайда ол жерде ешқандай карантин талаптары бұзылған жоқ. Оны санитарлық дәрігер де растады. Себебі кездесу далада болды. Ол кафеге Әбдіқадыр тамақтануға барған. Артынша жанкүйерлері сол жерге келді. Полиция бөлімшесіне барған кезде біз түсініктеме жазып бердік. Бірақ ешқандай айыппұл төлегеніміз жоқ", - деді Әбдіқадыр Наурызбектің ағасы.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер естіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892995-zambyldyk-tik-tok-zldyzy-taldykorganda-staldy-okiga-katysty-ty-derek-pajda-boldy/