Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министрлік сайлау күні болған митингтерге қатысты түсініктеме берді

Опубликовано:

Фото
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Ішкі істер министрінің орынбасары орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау кезіндегі қоғамдық тәртіпті бұзу деректері туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Арыстанғани Заппаровтың сөзінше, заңсыз жиындар мен митингілер кезінде ұсталған азаматтар қылмыстық қудалауға ұшыраған жоқ. Бәрі үйлеріне жіберілді, дейді ол.

Ол бүгін, 10 қаңтар – сайлау күні кейбір қалаларда заңсыз жиындар мен митингілер ұйымдастыру, оған қатысу және үгіттеу фактілері тіркелгенін атап өтті. Жергілікті атқарушы органдар, прокуратура қызметкерлері азаматтарға акцияның заңсыз екенін бірнеше рет ескертіп, тоқтату қажеттігін түсіндірген. 

"Кейбір азаматтар мемлекеттік билік өкілдерінің заңды талаптарын орындаудан бас тартты. Оларды қызметкерлеріміз полиция бекеттеріне жеткізуге мәжбүр болды. Олар профилактикалық әңгімелесуден кейін үйлеріне жіберілді. Ешқайсысы да әкімшілік немесе қылмыстық қудалауға ұшыраған жоқ. Жалпы елімізде қазіргі уақытта жағдай тұрақты", - деді ішкі істер министрінің орынбасары.

Сонымен қатар, Арыстанғани Заппаров дауыс беру кезінде сайлау учаскелерінде айтарлықтай заңбұзушылықтар тіркелмегенін мәлім етті. 

Карантин күшейтілген кейбір қалаларда сайлау комиссияларының төрағалары акт толтырды.

Оған сәйкес, санитарлық шектеулерді бұзғаны үшін және комиссия жұмысына кедергі келтіріп, сайлау учаскелерінде болу тәртібін сақтамағаны үшін 10 бақылаушы ғимараттан мәжбүрлі түрде шығарылды. 

Оның айтуынша, қазіргі уақытта полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіпті сақтаумен қатар, сайлау учаскелеріндегі бюллетеньдер мен хаттамалардың аудандық, облыстық комиссияларға еш кедергісіз жеткізілуін қамтамасыз етеді.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қазақстанда парламент мәжілісінің депутаттарын сайлау басталғанын жазған едік.

Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2021 жылғы 10 қаңтардағы астана уақытымен сағат 7.00-дегі жағдай бойынша 12 өңірде 8 141 сайлау учаскесі дауыс беруге кіріскен.

Дауыс беру кешкі сағат 20:00-де аяқталады.

Сонымен қатар, атыраулық ата-ана қызына Сайлау деп ат қойғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893007-ministrlik-sajlau-kni-bolgan-mitingterge-katysty-tsinikteme-berdi/

pixel