Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлыбританияда тараған коронавирустың жаңа штамы Ресейге жетті

Опубликовано:

Коронавирус
Фото: pixabay.com

Ресейде коронавирустың британиялық штамын жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді.

Бұл туралы ақпарат Mash Telegram-каналында пайда болды.

"Ресейде - коронавирустың "британиялық" штамын жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркеліп отыр. Ол Ұлыбританиядан оралған Ресей азаматынан табылды. Бұл туралы Роспотребнадзор басшысы Попова хабарлады", - деп жазады Mash Telegram-каналы.

Еске салсақ, бұған дейін ДДСҰ британиялық коронавирус штамының жылдам таралып, өрши түскенін растаған еді.

Айта кетейік, Лондондағы эпидемиологиялық ахуал өте қауіпті деңгейге жеткен. Ауруханаларда орындар жетпей, бос орын табылмауда. Қала әкімі төтенше жағдай режимін енгізді.

Бүгінгі таңда Ұлыбританияда анықталған коронавирустың жаңа түрі әлемнің бірнеше елдерінде – Қытайда, АҚШ-та және Еуропа аймақтарында таралуда.

Оның Қазақстанда таралу қаупі қаншалықты жоғары екеніне қатысты ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова пікір білдірген болатын.

"Мамыр айы мен қыркүйек айы аралығында табылған 130 сынамаға генетикалық зерттеу жүргіздік. Вирустар арасынан британдық мутация табылған жоқ. Бұл вирустар Германия, Испания, Украина, Ресей, АҚШ және Қытайда табылған вирустарға ұқсас. Бүгінгі күні біз келесі генетикалық тестілеу жүргізу үшін қазан мен желтоқсан аралығында аймақтардан табылған сынамаларды жинап жатырмыз", - деген еді Айжан Есмағамбетова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893022-britaniadagy-koronavirus-resejge-zetti/

pixel