Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда ер адамды көлігінің төбесіне мінгізіп алған жүргізуші жазаланды

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодағы кадр: pavlodarnews.kz

Павлодарда көліктің төбесіндегі ер адам куәгерлердің камерасына түсіп қалған. Алайда полиция адамды осындай әдіспен тасымалдау әрекетін құптамады деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Павлодардың патрульдік полициясы төбесінде жолаушысы болған Toyota Karina көлігінің жүргізушісін тапқан.

"Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды", – дейді патрульдік полиция батальонының командирі Ренат Шәріпов.

Оның айтуынша, оқиға 9 қаңтар күні сағат 21:00 шамасында Ткачев көшесінде болған. Көлікті 33 жастағы ер адам басқарған.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтауда екі көлік соқтығысып салдарынан үш адам зардап шеккенін хабарлаған едік.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 8 қаңтар күні болған. Audi B4 және Toyota 4Runner көліктері "Шығыс-1" және "Шығыс-2" шағын аудандары арасында соқтығысқан.

Белгілі болғандай Audi B4 көлігінің жүргізушісі екіншісіне жол бермеген. Көліктердің соқтығысу сәті видеоға түсіп қалған.

Сонымен қатар Алматыда Рысқұлов даңғылының бойындағы Кудерин көшесімен түйісетін көпірде жол апаты болған еді.

Апат салдарынан Lexus көлігіндегі жолаушы зардап шеккен. Оның басына әйнек сынықтары тиген. Ол түрлі жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893093-pavlodarda-er-adamdy-kligini-tbesine-mingizip-algan-zrgizusi-zazalandy/

pixel