Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 2021 жылы қандай мамандықтар сұранысқа ие болмақ

Опубликовано:

жұмыс ноут
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда 2021 жылы қандай мамандықтар сұранысқа ие болмақ? Бұл сұраққа KAZ.NUR.KZ еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство ақпарынша, ағымдағы жылға ең қажетті мамандықтардың тізімі 2021 жылы күтілетін экономика мен бизнесті қалпына келтіру процесін ескере отырып жасалды.

Еңбек және халықты қорғау министрлігінің мәліметінше, келесі мамандықтар сұранысқа ие болады:

Шаштараздар;

күзетшілер, инкассаторлар мен байланысты мамандықтар;

бухгалтерлер;

мектепке дейінгі білім беру мекемесінің тәрбиешілері;

қоғамдық ғылымдар бойынша орта мектеп мұғалімдері;

жаратылыстану ғылымдары бойынша орта мектеп мұғалімдері;

науқастарды күту жөніндегі орта медициналық персонал;

жылжымайтын мүлікпен және басқа меншікпен операциялар жөніндегі агенттер;

дүкен сатушылары және олардың көмекшілері;

бастауыш мектеп мұғалімдері; орта мектеп мұғалімдері;

ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудегі біліктілігі жоқ жұмысшылар;

АЖБ қосалқы кәсіби персоналы;

аралас өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін өндіретін фермерлер мен жұмысшылар; аспаздар( бас аспаздарды қоса алғанда));

тракторшылар;

құжат айналымы және басқа да кеңсе жұмыстары бойынша супервайзерлер;

басқа да білікті емес жұмысшылар;

ғимараттың қараушылары мен күзетшілері;

жүк көлігінің жүргізушілері;

көкөніс өсірушілер;

көшелер мен базарлардағы саудагерлер;

математика ғылымдары бойынша орта мектеп мұғалімдері;

сантехниктер;

жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын күзетшілер;

есепшілер мен бухгалтерлердің көмекшілері;

фермерлер мен мал өсірушілер;

спорт жаттықтырушылары мен оқытушылары;

фермерлер мен далалық дақылдарды өсіретін жұмысшылар;

терапия саласындағы дәрігерлер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893123-kazakstanda-2021-zyly-kandaj-mamandyktar-sranyska-ie-bolmak/

pixel